Page 19 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 19
Аяулы анам, мен өзімді бақыттымын деп санаймын, себебі анасы
бар адамдар – бақытты жандар. Олар қанат астындағы балапандар
сияқты үнемі ана жылуын, махаббатын, мейірімін сезініп жүреді.
Анашым, сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз, тәрбиешімсіз.
Әрдайым жақсылық жасауға, жамандықтан қашуға баулу үшін ба-
ры ңыз ды аямадыңыз. Жетістіктерге жетсем, менімен бірге қуанып,
жі герлендіре түсесіз, сүрінсем, жұбатып, бірге мұңаясыз.
Аяулы анам, кей кездері ренжітсем, кешірім сұраймын. Бұдан
былай қателіктерімді қайталамай, артымнан ерген іні-қарындасыма
үлгі болуға талпынамын.
Жан анам, ақ анам, ардақты анам, менің тілеуім, арманым –
әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы
борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла
беріңіз. Мен сізді қатты жақсы көремін!
Ұлыңыз Нұрсұлтан
bilimdiler.kz сайтынан
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Жетекші сұрақтар арқылы
негізгі ойды анықтаңдар.
1. Дүниедегі ең тәтті не, ең жұмсақ не?
2. Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
3. Ана туралы қандай ән білесіңдер? Бәріміз бірге
шырқайық!
7-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны. Өткен сабақтарды еске түсіріп, сұ-
рақ тарға жауап беріңдер.
1. Б.Матип «Абай жолы» романына қандай баға берді?
2. Әлиханның отбасында қанша адам бар?
3. Бөле деп кімді айтады?
4. М.Әуезов туралы не білесің?
5. Абайдың әкесінің аты кім?
6. Таға деген не?
8-тапсырма. Сағыныш сезімдеріңді білдіріп, жақындарыңа хат жазың-
дар.
19