Page 23 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 23
2-тапсырма. Диалогке қатысушылардың пікірлерімен келісесіңдер
ме? Ауыл мен қаланың тыныс-тіршілігінде айырмашылық бар ма? Өз
ойларыңды білдіріңдер.
3-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар. Мәтіннің тақырыбына, маз-
мұндық құрылымына мән беріңдер.
Сәдібектің бағы
Күн ыстық. Өзенге шомылып келген балалар Түсіндірме сөздік
сусын ішіп шөлде рін басқан соң, ауладағы
ағаштардың көлеңкесіне келіп отырды. Саясы Сая – көлеңкелі
сал қын жер.
салқын! Сәлден соң ағаш басындағы жапырақтар- Тетелес – жас
ды сыбдырлатып жел соқты. Жан жадыратар мөл шері шама-
самал жел. лас, қатар.
– Ой, қандай тамаша! – деп, қуанды мейман Мейман – қонақ.
бала. Таяқтастам жер –
жақын жер.
– Оған неге таңданасың? – деді өзімен тетелес
нағашы ағасының ұлы Темірлан.
– Желді айтам… Қатты ыстықтап едім…
– Ағаштардың көлеңкесі ғой салқын әкелген.
– Оның рас.
– Сендерде ондай емес пе? Ағаш жоқ па?
– Мәселе сонда ғой… Біздің үйдің маңайы жалаңаш, бір тал ағаш
жоқ.
– Екпейсіңдер ме? Әлде су жоқ па?
– Өзен таяқтастам жерде, үйдің қасында құдық та бар. Ағаш
өсі ру ге болады.
– Жай тал емес, жеміс ағашын отырғызу керек.
– Айтқаның жөн! Қай кезде еккен дұрыс?
– Дұрысы, көктемде отырғызыңдар. Күнде қарап, суарып тұ-
рың дар. Жеміс ағашы аялап күткенді қалайды.
– Көшетті қайдан аламын?
– Кетерде бір талдан алма, шие, қарақат, қызылқат ағаштарын
ала кет.
– Қурап қалмай ма?
– Жоқ, қурамайды. Сенің көкең «Нивамен» келеді ғой. Балапан
көшеттерді тамырымен қазып, қапқа салып, жақсылап байлаймыз.
Үстіне аздап су құямыз. Ауыл арасы үш-төрт сағаттық жер ғой,
ештеңе етпейді. Бара сала бірден отырғызыңдар. Бәлкім, қар жауып,
қыс түскенше ілігіп кетер.
23