Page 24 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 24
– Рақмет! – деді Сәдібек қуанып. – «Ағаш отырғызу – үлкен
сауап», – дейді атам...
Т. Әбдірайым
4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша пікір алмасыңдар.
1. Ағаштың қандай пайдасы бар?
2. Сәдібектің атасы неліктен «Ағаш отырғызу – үлкен
сауап» дейді?
3. Қалай ойлайсыңдар, Сәдібек жеміс ағаштарын өсіре
алды ма? Мәтінді өздерің аяқтап көріңдер.
5-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып сөйлемдер құраңдар.
Күні-түні, қарбалас, отшашу, хауыз, ойын-са уық.
6-тапсырма. Өлеңді есте сақтап, жатқа айтыңдар.
Мен туған ауыл – Ай мекен,
Еске алмай жүрер күнім кем.
Баяғы достар қайда екен,
Бірге ойнап, бірге жүгірген?
Ф. Оңғарсынова
7-тапсырма. Туған жерлерің туралы мәтін жазыңдар. Сөзге қосымша
жал ғауда үндестік заңын ескеріңдер.
8-тапсырма. Берілген сын есімдерді мағынасына қарай бөліп, кес теге
ор на лас тырыңдар.
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Шымыр, нәзік, шулы, епті, тыныш, қалалық, жергі-
лік ті, қызық.
24