Page 28 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 28
2-тапсырма. Кітаптың адам өмірінде алатын орны жайлы өзара пікір
алмасыңдар.
3-тапсырма. Берілген сөздерге сүйеніп, ауыл мен қала кітапханалары
туралы әңгіме құраңдар. Әңгіме құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және
бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңдер.
Кітап, кітап қоры, каталог, іздену, сөре, сәулетті.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, ақпаратпен танысыңдар.
Елорда төріндегі Ұлттық кітапханаға келушілер саны жылдан-
жылға өсіп келеді. Себебі бұл орталықта арнайы кітап бөлімдерінен
бөлек, түрлі танымдық залдар, ал қорында миллионнан астам кітап
бар. Кітап мұражайында көне қолжазбалардан бастап, құнды тарихи
жәдігерлер де сақталған. Ыбырай Алтынсариннің хрестоматиясын
да, Әбілғазы Баһадүрдің шежіресін де осы жерден таба аласыңдар.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан
5-тапсырма. Сендер тұратын жерде кітапхана, мұражай бар ма? Барып
көрдіңдер ме? Несімен ұнады?
6-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып жазыңдар.
Негізгі сын есімдер:
Туынды сын есімдер:
7-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.
Кітап пен ғылым – тілсіз … .
Кітап – алтын … .
Күш – білімде,
Білім – … .
Кітап – білім бұлағы,
Білім – … .
Кітап – көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа ... .
Кітап – қаймақ, білім – … .
Кітап – оқығандікі, білім – … .
28