Page 30 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 30
Сөйте тұра өзімді, Жаз жаңбырға малшынар.
Мақтамаймын, таспаймын. Айтсам егер шындықты,
Әрқашанда сөзімді Сол қадірлі, сол мықты!
Бақташыдан бастаймын. Көргің келсе бұларды,
Шалқытып ел табысын Қазір бәрің ер маған! –
Жайлауда жүр малшылар. Олар асып қырларды,
Қыс боранмен алысып, Бір-ақ шықты фермадан.
Ә. Дүйсенбиев
3-тапсырма. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Өлеңде қандай кейіпкерлер бар?
2. Олар не үшін таласты?
3. Сиыр оларға не деп жауап берді?
4-тапсырма. Кестені толтырыңдар. Аталған өнімдер неден жасалған?
Оларға сипаттама беріңдер.
Балқаймақ Шұжық Бәтеңке
Күнделік
Күнделік – публицистикалық шығарманың бір түрі.
Күнделік – жеке адамның әр күнгі оқиғаны, жай-жағдайды
тізіп жазып отыратын дәптері. Қарапайым күнделіктерде
көбіне жеке адамның өміріне қатысты деректер сөз етіледі.
М.Мақатаев, Қ.Мырза Әлі, Л.Толстой, Ф.Достоевский т.б.
ақын-жазушылар күнделік жүргізіп, оған өз ойларын мұқият
түсіріп отырған.
5-тапсырма. Сендер күнделік жазасыңдар ма? Кешегі күндеріңнің
елеу лі оқиғаларын қағаз бетіне түсіріп, күнделік жазыңдар. Жазба жұ-
мыс тарыңда сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды
қол да ныңдар.
6-тапсырма. Қай сөздерге көптік жалғауы жалғанады? Жалғанбаса,
неліктен? Өз ойларыңды дәлелдеп жазыңдар.
сүт бәтеңке балқаймақ сиыр
ақиқат ақыл ой шұжық
ет жаңбыр боран малшы
30