Page 32 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 32

2-тапсырма. Төмендегі диаграммаға екі қаланың айырмашылықта ры
                        мен ұқсастықтарын жазыңдар. Орфографиялық норманы сақтаңдар.




                                  Астана               Алматы










                         3-тапсырма. Төменде берілген сын есімдерге ­ырақ/­ірек; ­лау/­леу;
                        ­дау/­деу; ­тау/­теу жұрнақтарын жалғап, сөйлем құраңдар.

                        Жаңа, үлкен, көп, суық, қызғылт, қатал, өзімшіл.


                         4-тапсырма. Өлеңді оқыңдар. Не түсіндіңдер?

                              Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
                              Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
                              Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
                              Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?..

                              Алатауда қалды жылдар ең асыл,
                              Есілдің де жандай ыстық жағасы.
                              Жан даламның, –
                              Алматы мен Астана
                              Көздерінің ағы мен қарасы!

                                                                              К. Ахметова
                         5-тапсырма. Өлең жолдарында сендер үшін қандай жаңа сөздер мен
                        сөз тіркестері кездесті? Сөздікті пайдаланып, олардың мағынасын ашың-
                        дар.


                         6-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қала
                        мен ауыл арасында ғы айырмашылықтар туралы сұхбаттасыңдар.

                        Күнделікті өмір, тыныс-тіршілігі, асығып-үсігіп, уақыт
                        тапшы, бейімделу, құрт, кептеліс, жент, шопан, тынығу,
                        шымыр.

                         7-тапсырма. «Астана мен Алматы – еліміздің бас қалалары» тақырыбына
                        коллаж дайындаңдар.
           32
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37