Page 36 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 36

РЕТТІК  САН  ЕСІМ


                  Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын тәртібін білдіріп,
              нешінші? деген сұраққа жауап береді. Есептік сан есімдер да уыссыз
              дыбыстардан соң ­ыншы/­інші, дауысты дыбыстардан соң ­ншы/
              ­нші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бірін­-
              ші байлық – денсаулық. Әлихан алтыншы сыныпта оқиды.




                         5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойып, берілген
                        сөйлемдерді толықтырыңдар.
              1.  Қазақстанның  бір...  астанасы  –  Орынбор  қаласы.  2.  Екі
           мың он алты... жылы Рио-де-Жанейро қаласында жазғы ойындар
           олимпиадасы  өтті.  3.  Бурж  әл-Араб  қо нақ үйі  биіктігі  жағынан
           әлемде төрт... орын алады.


                         6-тапсырма. Берілген мәліметтерді толықтырыңдар. Таулар туралы тағы
                        не білесіңдер?
               Жер шарының төрттен бірін таулар алып жатыр. Ал адамдар дың
           10 пайызға жуығы таулы аймақта қоныстанған.
               Таулар – өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көпте-
           ген түрі үшін жайлы мекен. Сондай-ақ жердегі негізгі өзендердің
           бастауы.
               Қазақстанда биік таулар оңтүстік және оңтүстік-шығыс ай мақ-
           тарда таралған.
                                                 Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан

                         7-тапсырма. Кім жылдам? Төмендегі сөздерден не байқадыңдар? Осы
                        сөздерді не біріктіреді?
                        Жүзім, сегізкөз, Балтық, күшік, бірлік, тон, алтын.



             3-4-сабақ                       «Мен таулықпын»



                         1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, тірек сөздерді анықтаңдар. Өлең -
                        де не туралы айтылған?

                                         Мен таулықпын
                              Тау дейтін алып жүрек Ана туған,
                              Мен таулықпын!
                              Таудан мен жаратылғам.
           36
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41