Page 38 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 38

5-тапсырма. Мұғаліммен бірге төмендегі өлең жолдарының мағынасын
                        ашыңдар.
                        Тау ұлымын,
                        Тау – менің дәу бесігім,
                        Мен оның әуресімін, сәулесімін.


                         6-тапсырма. Жұмбақтарды шешіп, сан есімдерді табыңдар.

                        Үш көзі бар қаз-қатар,                Он екі көзі бар,
                        Кезек-кезек ашады.                    Тықылдақ сөзі бар.
                        Үшеуінен байқасаң,                    Қос екі тілі бар,
                        Үш түсті нұр шашады.          (Бағдаршам)  Ал, кәне, біліп ал!  (Сағат)





                         7-тапсырма. «Тау баласымын» тақырыбы на эссе жазыңдар (90 сөз).
                        Әрбір азатжолды жүйе лі құрастырып, мазмұнын ашыңдар.




             5-6-сабақ                       Әлемдегі биік таулар




                         1-тапсырма. Мәтінді оқып, өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

               Әлемде  биіктігі  8  шақырымнан  асатын  14  шың  бар.  Оларды
           «сегізмыңдықтар» деп те атайды. Олар Азияда көршілес Гималай
           және Қарақорым тау жоталарында орналасқан. Ең белгілі және ең
           биік тау жоталары – Гималай. Онда ең биік 10 шың бар. Гималай
           тауларын  көру  үшін  Непал,  Үндістан,  Қытай  (Тибет),  Бутан,
           Пәкістан елдерінің біріне бару керек.
                                                 Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан


                         2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

                        1. Әлемде қанша биік шың бар?
                        2. Олар қандай тау жоталарында?
                        3. Бұл тау жоталары қай елдерді алып жатыр?






           38
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43