Page 40 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 40

7-8-сабақ                       Қазақстан таулары




                         1-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Сипаттаңдар.























                         2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Суреттер бойынша берген сипаттама,
                        болжамдарың сәйкес келді ме?
               Елімізде бірнеше танымал әрі табиғаты әсем таулар бар. Түрген
           шатқалы, Сары арқа, Мұғалжар, Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Ала-
           тауы – Қазақстандағы белгілі таулар. Сарыарқа Орталық Қазақстан-
           да орналасқан. Орташа биіктігі – 500–600 метр. Сарыарқаның негізгі
           жауһары – Бурабай шипажай аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл
           жерді «қазақстандық Швейцария» деп атайды. Мұғалжар – аса биік
           емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең
           биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Маңғыстау таулары
           Каспий  теңізіндегі  Маң ғыстау  жартыаралында  жатыр.  Олардың
           құ ра мына  Қа ратаудың  батыс  және  шығыс  жоталары,  Ақтаудың
           оң түс тік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы –
           117, Ақтаудың ұзындығы – 70 ша қы рым.
                                   «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығынан


                         3-тапсырма. Мәтінде айтылған таулардан бөлек, тағы қандай тауларды
                        білесіңдер? Ойларыңды толықтырып, өзара сұхбаттасыңдар.


                         4-тапсырма. Мәтіндегі сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып,
                        сөйлемдер құраңдар.





           40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45