Page 44 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 44
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мақалдарды
оқыңдар.
• Асқар таудай ... бол, • ... бұлағымен сәнді,
Аппақ күндей ... бол. ... құрағымен сәнді.
• Асу бермес ... жоқ. • Айғайлы жерде ... аз.
Керекті сөздер: жарық, көл, асқар, алып, тау, ақыл.
5-тапсырма. Жинақтық сан есімдерді қолданып, «Тау етегінде» деген
тақырыпта шағын мәтін құраңдар.
12-13-сабақ Оқжетпес
1-тапсырма. Суретте берілген көріністі сипаттаңдар.
• Бұл тау қалай аталады?
• Еліміздің қай өңірінде орналасқан?
• Ол жерге барып көрдіңдер ме?
2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты өз сөздеріңмен жеткізің дер.
Оқжетпес тауы – Бурабайдағы ең танымал жер әрі Бурабай
көлінің сәні. Биіктігі 300 метр дей. Оқжетпестің табиғаты көрікті.
Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл, құр мекендейді, ұшар басына бүркіт
ұя салады. Қазақ халқының та лай атақты ақын-әншілері Оқжетпесті
жырға қосқан, өздерінің ән-өлеңдерін арнаған. Оқжетпес маңы –
туристік саяхат жасайтын өңір.
«Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығынан
44