Page 46 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 46

2-тапсырма. Табиғат, тау, дала сөздерін қатыстырып, төрт жол өлең
                        құраңдар.


                         3-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  Тарбағатай  тауы  туралы  ақпаратпен
                        танысыңдар.
               Тарбағатай тауы – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы
           жерінде. Ең биік шыңы – Тастау. Биіктігі – 2991 метр. Жота ба-
           тыстан шығысқа қарай 300 шақырымға созылып жатыр. Таудың
           етегіндегі шөлейтте – жусанды бетеге, бұта, тауаралық аңғарда – тау
           шалғыны және көктерек, жабайы алма, тобылғы, арша, солтүстік
           беткейінде  тал  басым  өседі.  Марал,  тауешкі,  арқар,  аю,  түлкі,
           борсық, қарсақ, суыр мекендейді. Таудың жоғарғы бөлігіндегі Альпі
           шалғыны – жазғы жайылым.
                                   «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығынан

                         4-тапсырма. Кестеде берілген сөздерді ретімен қойып, сөйлем құраңдар.
                        Үлгі: Ең биік шыңы – Тастау.

                                А              Ә               Б                В
                          Тастау          биік           шыңы            ең
                          етегінде        таудың         басым өседі     тал
                          биіктігі        шыңның         метр            2991
                          көптеген        мекендейді     жануарлар       тауда


                         5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тағы қандай табиғат апаттарын біле сің-
                        дер? Диалог құрыңдар.
                                              Көшкін
               Кейбір таулардың басында қар мәңгі жатады. Еріп жауған қар
           төмен  қарай  сырғып,  бірте-бірте  салмағы  артып  құлайды.  Оған
           жолындағы қар қосылады да, ағылған қар көшкіні пайда болады.
           46
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51