Page 49 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 49

5-тапсырма. Төмендегі сөздерден сөйлем құраңдар.

                      Балауыз, жалғау, жұмсау, жылыту, күю.


                      6-тапсырма. Төменде берілген сөздерді көп нүктенің орнына қойып,
                      жұмбақтарды шешіңдер.
                            Кино менен концертті
                            Үйде ... беремін.
                            Жаңалығын бар елдің
                            Өз ... көремін.                             (Теледидар)
                                        Іші салқын, ... бар,
                                        Күннен қашқан қой сынды.
                                        Жылыда ... бұзылар,
                                        Барша тағам тығылар.
                                   (Тоңазытқыш)
                            Едендi кеп жаласа,
                            Қалдырмас ол түгiн де.
                            Аузына оның таласа
                            Бар ... жүгiндi.
                            Тазалауы тамаша,
                            Кiлем мен ... ,
                            Жайнайды қараса.                                (Шаңсорғыш)
                                        Қызып кетсе ... ,
                                        Бар жалғыз-ақ алаңы.
                                        Бар жалғыз-ақ шатағы –
                                        Іздей бастар ... .
                                   (Үтік)
                      Керекті сөздер: матаны, тез, алаша, көзіммен, қиқым,
                      қойып, табаны, мұзы.


                      7-тапсырма.  Энергия  туралы  қызықты  деректерді  оқып,  естеріңде
                      сақтаңдар.
               • Электр шамындағы энергияның 10 пайызы ғана жарық шы-
        ғаруға жұм салады. Қалған 90 пайыз энергия жылу шығаруға кетеді.
               • АҚШ-тағы тоңазытқыштардың пай даланатын электр энер гия-
        сы елдегі 25 ірі электрстансысының шығаратын энер гиясына тең.
               • Күн жарығының энергиясы бүкіл адамзат баласының қа жет-
        тіліктерін қам тамасыз етуге жетеді.
               • 2030  жылға  дейін  әлем  халқы  пайдаланатын  энергияның
        мөлшері қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өседі деп болжанып
        отыр.
                                                                                     49
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54