Page 47 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 47
Біреу тау шатқалын жаңғырта айғайласа не қары қалың қия
беттен аң жүгіріп өтсе, қар сусып, көшкін болады.
Қар көшкіні жолаушылар үшін өте қауіпті. Сол үшін радиодан
ауа райы туралы хабар беріледі. Онда қар көшкінінің қаупі бар
таулы аймақтар туралы да айтылады.
Қ. Қазыбеков
6-тапсырма. Берілген тіркестерді қолдана отырып, тақырыпты қоры-
тындылаңдар.
Топырақтың үгілуі, судың гүрілі, абайсызда құлау, қия-
ға өрлеу.
Өзіңді тексер!
1. «Отан» өлеңіне қатысты қатарды бел гі лең дер.
а) мектеп, бала; б) өлке, ата-ана;
ә) табиғат, құбылыс; в) қоғам, әлеумет.
2. Деректі зат есімді табыңдар.
а) достық; б) доп;
ә) балалық; в) сыйластық.
3. М.Әуезовтің романы:
а) «Абайдан соң»; б) «Еңлік-Кебек»;
ә) «Абай жолы»; в) «Жетім».
4. Сапалық сын есімді табыңдар.
а) дәріс; ә) таза; б) бор; в) гүл.
5. Ә.Дүйсенбиевтің «Бәтеңке, шұжық, балқаймақ» өле-
ңі нің мазмұны бойынша әңгіме құраңдар.
6. Күнделік не үшін жазылады?
а) мәліметтер алу үшін;
ә) сауатты жазу үшін;
б) бір адам туралы мәліметтердің нақты берілуі үшін;
в) жеке адамның жазып отыратын дәптері.
7. Көптік мәнді білдіретін есімді табыңдар.
а) қалам; ә) кесе; б) кітап; в) қол.
8. Жинақтық сан есімді табыңдар.
а) бірінші; ә) алтау; б) үш; в) он жетінші.
9. Алатау тауын сипаттап жазыңдар.
47