Page 51 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 51
Астанадағы «ЕХРО-2017» көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия
аумағында өткізілген ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге
айналды.
bilimland.kz сайтынан
3-тапсырма. Тақырып бойынша диалогті жалғастырыңдар. Ойларыңды
толықтырыңдар.
– Жарас, қалайсың?
– Сәлем, Дина. Жақсымын. Өзің қалайсың?
– Жақсы. Астанаға барып, «EХРО-2017» көрмесін та-
ма шалап келдім.
– О, қандай керемет! 115 павильоннан тұрады деген еді.
Қай елдің көрмесі ұнады?
– Иә, түгел аралап шығуға бір күн жетпейді десе де
бо лады. Маған Қазақстан мен Корея мемлекеттерінің
экспонаттары қатты ұнады.
– Қандай тамаша! Қап, мен «EХРО-2017» көрмесіне
ба ра алмай қалдым.
– ... ... .
4-тапсырма. «Мен өнертапқыш болсам...» деген тақырыпта ой өрбі-
тіңдер.
Мен өнертапқыш болсам, ... ... ойлап табар едім. Оның
жаңалығы ... ... . Оның қоғам үшін пайдасы ... ... .
5-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің қай түрі? Стильдік ерекшелігін
анықтаңдар.
EХРО-ның негізін қалаушы болып ханзада Альберт есептеледі.
Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 1851 жылы Лондонда Гайд саябағында
өткізілген. Көрменің назар ау дарарлық ғимараты таза шыны мен
болаттан тұрғызылған.
Алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген зат тардың барлығы
болған. Әсіресе құрал-жабдықтар бөлімі ерекше әсер қалдырған: бу-
қозғалтқыштар, стереофотосуреттер, американдық Чарльз Гудьир
ойлап тапқан ысытылған резеңке, қойылтылған сүт, консервіленген
азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер,
стоматологиялық креслолар және басқа да заттар.
bilimland.kz сайтынан
6-тапсырма. «EXPO-2017» көрмесі туралы мәліметтерді жинақтай оты-
рып, тақырып бойынша постер құраңдар.
51