Page 55 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 55

3-тапсырма. Ақын неліктен өзін отқа теңейді? От сөзін естігенде сен-
                      дерге қандай ой келеді?

                      4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.
                      Отты шашуға, ... болмайды. Отбасының берекесі кетеді.
                      Отты, ошақты ... . Отқа ... . Отпен ... .

                      Керекті сөздер: аттама, ойнама, түкірме, басуға.



                                         ӨЗДІК  ЕСІМДІК
                Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл
            есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты
            оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

                                   БЕЛГІСІЗДІК  ЕСІМДІКТЕРІ

                Белгісіздік есімдіктері деп мағыналары жағынан заттар мен
            құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын
            сөздерді айтамыз.
                Белгісіздік  есімдіктердің  жасалуына  бір,  әр,  әлде  деген  үш
            сөз ұйытқы болып қызмет атқарады. Белгісіздік есімдіктері осы
            сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады.
            Мысалы:
                1)  біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме;
                2)  әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай;
                3)  әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлде­
                қашан.



                      5-тапсырма. Өлеңнен өздік есімдіктерді тауып, олардың қалай жасалып
                      тұрғанын түсіндіріңдер.

                      6-тапсырма. Кестедегі есімдіктер мен сөз тіркестерін сәйкестендіріңдер.


                        өзіме-өзім                       дауыс естіледі
                        әлдеқайдан                       сабағымды дайындадым
                        бірдеме                          от жақты

                        өзім                             серт бердім
                        бірнеше                          айтқысы келді
                        әлдекім                          көлікті көрдім

                                                                                     55
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60