Page 59 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 59

Біреуді азаптағаның –
                                Өзіңді мазақтағаның.

                                Жақсы болсаң, жердей бол,
                                Бәрін шыдап көтерген.
                                Таза болсаң, судай бол,
                                Бәрін жуып кетірген.

                                Өзге елде сұлтан болғанша,
                                Өз еліңде ұлтан бол.


                      5-тапсырма. «Қуат көзін қалай үнемдейсің?» тақырыбына сауал (анкета)
                      парағын әзірлеп, жұптарыңа беріңдер. Пікірлерін біліңдер.


                      6-тапсырма. Жұмбақтарды шешіп, өздік есімдіктерді табыңдар.

                            Зыр жүгіріп шегенің
                            Ізін қуып келемін.
                            Сол ізбенен өзімнің
                            Сырымды ашып беремін.

                                        Көрінбейді көзіңе,
                                        Тіл қатпайды өзіңе.
                                        Жығады ол күн сайын
                                        Балуандардың өзін де.


                            Өмірі шықпай үйден бір,
                            Өз үйін өзі сүйреп жүр.




                      7-тапсырма.  Бүгінгі  сабақтан  қандай  ой  түйдіңдер?  Электр  қуатын
                      үнемдеудің қандай тиімді жолдары бар екен? Ойларыңды дәлелдеп
                      жазыңдар.
















                                                                                     59
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64