Page 63 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 63
7-тапсырма. «Шығу парағын» пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сабақ барысында көңіл күйің қандай болды? Нелік-
тен?
2. Бүгін сабақта не білдіңдер? Бұрын не білетін едіңдер?
3. Қандай тапсырма орындауда қиындық келтірді?
5-6-сабақ Менің өмірбаяным
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Өмірбаян деген не?
2. Сендер өздеріңнің өмірбаяндарыңды жазып көрдіңдер
ме?
3. Өмірбаянда қандай мәліметтер беріледі?
Өмірбаян
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық
тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян оқуға түсу,
жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол таза қағазға
қолмен, кейде арнайы бланкіге бірінші жақта жазылады. Онда
азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері,
ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі
мен жұмыс тәжірибесі туралы және тағы басқа қосымша
мәліметтер көрсетіледі.
2-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (16-аудио). Кіммен таныстыңдар?
Өмірбаян үлгісі
Мен, Әмина Арманқызы Амантай, 2005 жылы 19 шілдеде Алматы
қаласында тудым. Ұлтым – қазақ. 2011 жылы Алматы қаласындағы
№15 мектеп-гимназиясының бірінші сыныбына бардым. Қазір осы
мектептің алтыншы сыныбында оқимын.
Қосымша мәліметтер: орыс, ағылшын тілдерін жақсы білемін.
Аздап түрікше сөйлеймін. Достарыммен оңай тіл табысамын. Бос
уақытымда музыкамен, спортпен айналысамын, көркем әдебиетті
көп оқимын.
Мекенжайым: Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 142-үй, 22-пә-
тер.
63