Page 67 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 67
7-тапсырма. «Қазіргі таңдағы отандық кино» тақырыбында кластерді
тол тырыңдар.
8-тапсырма. «Менің сүйікті актерім» тақырыбына эссе жазыңдар
(90 сөз). Сөй лем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды
қолданың дар.
9-10-сабақ Астана күні
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Тақырыбы мен негізгі ойды анық-
таңдар.
Ақмола қаласының негізі 1830 жылы қаланды. Оның атауы
XIII–XIV ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты
туған. 1956 жылы 26 желтоқсанда тың өлкесі құрылып, Ақмола
оның орталығы болды. Қаланың аты 1961 жылы 20 наурызда
Целиноград болып өзгертілді. Бірақ 1994 жылы қала Ақмола болып
қайта ауыстырылды.
1997 жылы 20 қазанда Н.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан
Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа
қол қойды. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен
Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Ал 20 мамырда
«Қазақстан Республикасы астанасының мәр тебесі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда
тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының сал танатты ашылу рәсімі
өтті. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. Астана
күніне орай арнайы кештер ұйым дастырылып, түрлі жарыстар мен
қызықты ойындар өткізіледі.
67