Page 71 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 71
Мен дағы ғаламшардың тұрғынымын,
Сүйеуі – Жер, демеуі – Ай, тірегі – Күн!
Биік... биік... мақсатым биік менің.
Биігімді көреді киіктерім,
Күй үнімді тыңдайды ұйып көлім.
Өзің үшін өртенген жырларымды,
Жеткізе алсам, арман не, сүйікті елім!
Ә. Ысқақ
4-тапсырма. Өлеңдегі қарамен берілген сөздерді төмендегі қандай
сөздермен ауыстыруға болады?
Түсінемісің, тірек, ден қойып тыңдау, дауысын.
5-тапсырма. Өлеңде берілген теңеулердің мағынасын ашыңдар.
6-тапсырма. Нақ осы шақты қатыстыра отырып, өздеріңнің сүйікті қа-
ла ларың жайында әңгіме құраңдар.
7-тапсырма. «Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап
беріңдер.
1. Бүгін қанша сөз үйрендіңдер?
2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?
3. Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек?
13-14-сабақ «Мәңгілік Ел» алаңы
1-тапсырма. Астана қаласының тарихы туралы не білесіңдер?
• Қаланың бұрынғы атауы қандай?
• Астана болып қашан белгіленді?
• Астана қаласының символы не?
2-тапсырма. Әкім Ысқақтың «Күн ұлымын» деген өлеңіндегі мына
об разды сөздерді қалай түсінгендеріңді айтыңдар. Авторға мінездеме
беріңдер.
Мен дағы ғаламшардың тұрғынымын,
Сүйеуі – Жер, демеуі – Ай, тірегі – Күн.
Биік... биік... мақсатым биік менің...
71