Page 70 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 70
• Астана – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан
қала. Астана – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор
қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық.
• Әлемдегі екі астана атауы «астана» деген мағына береді: Сеул
және Астана қалалары.
• Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде
орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы – Енисей, ал
Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.
• Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава ай-
на лысты.
bilimland.kz сайтынан
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. ЮНЕСКО Астана қаласын қандай атауға сай деп та-
ны ды?
2. Қаланың жобасымен кім айналысқан?
3. Астананың ауа райы туралы не білесіңдер?
4. Әлемде тағы қай елдің астанасының атауы «астана»
деген мағына береді?
Әкім Ысқақ – ақын, сазгер. Ол 1960 жылы Оң-
түстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында туған.
Шығармалары орыс, өзбек, түрікмен, қырғыз тілдеріне
аударылған.
3-тапсырма. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңдар. Өлеңде не туралы ай-
тыл ған?
Күн ұлымын
Күн ұлымын, қолдаушым – Күнім менің!
Күннің нұры бойыма сіңіргенім.
Тұғыр бердің сен маған елді ойла деп,
Сол тұғырдан шығады үнім менің.
Ұғамысың, халайық, жүрек үнін,
Сен деп соққан сол үнді біледі кім?
70