Page 69 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 69
Таңғажайып бір қала келеді өсіп,
Қалайша мен лапылдап өртенбеймін.
Бұқар жырау жырындай әр ғимарат,
Құйылып кеп түскендей ән ғибадат.
Енді келіп Еуропа елеңдейді,
Жүрген бұрын біздерге қалғи қарап...
Сән-салтанат айналам бүгіндегі,
Мақтанышым – жүректің түбіндегі!
Ұлы дала ұлағат тұтып келіп,
«Астанам!» деп ардақтап жүгінеді.
Н. Ораз
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Өлең неге «Ертегідей елорда» деп аталған?
2. Өлеңдегі етістіктерді нақ осы шаққа айналдырып
айтып көріңдер. Мазмұны өзгерді ме?
3. Ақын Астана қаласын қалай сипаттайды?
6-тапсырма. Астана қандай қала? Үлгі бойынша жазың дар.
Үлгі: Астана әдемі қала.
7-тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып, «Әсем қала – Астана» тақы-
ры бын а шағын мәтін құраңдар.
Шетелдік қонақтар, ән шырқалды, қаланы көріктендірді,
Елбасының алақан ізі, елорданың тыныс-тіршілігі,
сәулетті ғимараттар.
11-12-сабақ «Күн ұлымын»
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (17-аудио). Қандай ақпарат естеріңде
қалды?
Қызықты мәліметтер
• 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына
«Бейбіт ші лік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапат-
та лды.
• Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12
жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді.
69