Page 68 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 68

Бүгінде Астана тәуелсіз Қазақстанның мәдени-рухани, эконо ми-
           калық дамуының орталығына айналған.
                                                                     Akorda.kz. сайтынан

                         2-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша сұрақтар дайындаңдар.




                                         НАҚ  ОСЫ  ШАҚ
                  Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып
              жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң
              және күрделі болып екіге бөлінеді.
                  Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген қа-
              лып етістіктердің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен
              жүрмін. Сен отырсың. Ол жатыр.
                  Нақ осы шақтың күрделі түрі негізгі етістіктің ­ып, -іп, -п және
              -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, жатыр, жүр, тұр деген
              қалып  етістіктерінің  көмекші  етістік  мәнінде  тіркесуі  арқылы
              жасалады. Мысалы: Мен ойнап жүрмін. Сен оқып отырсың. Ол
              қарап жатыр.



                         3-тапсырма. Суреттер бойынша Астана күні қалай аталып өтіп жатқанын
                        нақ осы шақта жазыңдар.


















                         4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Өлеңдегі негізгі ойды анық-
                        таңдар.

                                        Ертегідей елорда
                              Бала қиял баяғы ғажап екен,
                              Кимелейтін киелі маза бөтен.
                              Көз алдымда шынылы шаһар салып,
                              Жер-жаһанда кезікпес бағалы етем...

                              Сол қиялды өңімде көргендеймін,
                              Өзім жырдан жайнатып өргендеймін.
           68
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73