Page 75 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 75
3-4-сабақ Табиғатты аялайық!
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (19-аудио). Мәтінді әрі қарай жал ғас-
ты рың дар.
Табиғатты қорғау – әр адамның парызы. Халқымыз табиғатты
анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді.
Өсімдік – тіршілік тірегі. Оның қызметін бірде-бір жетілген
механизм атқара алмай ды. Өсімдіктер әлемі, жасыл желектер ауаны
улы газ бен шаңнан тазартады.
Экология «тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта» деген ұғымды
білдіреді. Егер де сол өмір сүретін қоршаған ортаны тазартуды қолға
алсақ...
«Экология жаршысы» кітабынан
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Халқымыз не үшін табиғатты анаға теңеген?
2. Жасыл желектердің қандай пайдасы бар?
3. Экология сөзін басқаша қалай айтуға болады?
3-тапсырма. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері туралы
достарыңмен ой бөлісіңдер. «Байқоңыр» ғарышайлағы, Семей аймағы,
Арал теңізіндегі экологиялық апаттар жайлы не білесіңдер? Тура және
ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып, ойларыңды әсерлі, мазмұнды
жеткізуге дағдыланыңдар.
АУЫСПАЛЫ ОСЫ ШАҚ
Ауыспалы осы шақ дағдылы түрде, яғни үнемі қайталанып
тұратын іс-әрекетті білдіреді. Мысалы: Бала ұйықтайды. Жаңбыр
жауады. Ауыспалы осы шақ а, е, й тұлғалы көсемшенің жіктелуі
арқылы жасалады. Мысалы: Мен жүземін. Сен оқисың. Сіз барасыз.
Ол жүреді.
4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Қандай ой айтылған?
Ауа екі жолмен ластанады: табиғи және адамның іс-әрекеті
арқылы. Ауаның табиғи жолмен ластануы жанартаулардың
атқылауынан, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдардан,
орман өрт терінен болады. Жел арқылы бір аймақта пайда болған
улы заттар шалғай жатқан екінші аймаққа таралады.
75