Page 77 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 77
5-6-сабақ Құстар мен жануарлар әлемі
1-тапсырма. Суретке қарап, бүгінгі тақырыпты болжаң дар.
2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мазмұнына қарай ат қойыңдар (20-аудио).
Алматы қорығының жануарлар дүниесі алуан түрлі. Мұнда
39 түр ге жуық сүтқоректі мен 200-ден астам құстың түрі бар.
Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь-Шань сілеусіні, барыс, борсық,
түлкі, қасқырлар мекендейді. Ну орман шегараларындағы биік
шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда
қорықта тиін, сасықкүзен өсірілетін болды. Қорықты мекендеуші
құс тар дың ең көбі – ұлар, кекілік, бұлдырық. Іле өзенінің бойындағы
то ғай ларда қырғауылдар, тарғақшалар бар.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан
3-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтырыңдар.
Аңдар Құстар
4-тапсырма. Мәтіннің идеясын анықтаңдар. Сендерге қандай ой салды?
Халықаралық табиғатты қорғау одағы 1948 жылы тіршілікті
қорғауды қол ға алды. Бір жылдан соң сирек кездесетін түрлерді
қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызме ті жойылып
77