Page 82 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 82
7-тапсырма. «Мен табиғат жанашырымын» тақырыбына шағын мәтін
жазың дар. Ауыспалы осы шақты қолданыңдар.
Қамтылатын ақпараттар:
– өсімдіктердің азаюына әсер ететін жағдайлар;
– өсімдіктерді қорғау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар;
– өсімдіктердің жойылып кетуіне адам дардың әсері;
– өсімдіктердің Қызыл кітапқа енуі.
Қазақстанда өсімдік дүниесінің 307 түрі Қызыл кітапқа
енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық
жасайды. Сонымен қатар Қазақстанның Қызыл кітабының
өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің
307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың – 288, ашық-
тұқымдылардың – 2, мүктер дің – 3, саңырауқұлақтардың – 10,
қыналардың 1 түрі берілген.
8-тапсырма. «БББ» кестесін толтырыңдар.
Бұрыннан Бүгінгі сабақта Тағы да білгім
білемін білдім келеді
9-10-сабақ «Қарлығаш, дәуіт, жылан»
1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді тыңдау арқылы бүгінгі көтерілетін
мәселені болжаңдар (22-аудио).
Дос – ажарың, жолдас – базарың.
Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.
Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
Күлме досқа – келер басқа.
Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас.
82