Page 83 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 83
Жақсы – жаныңа жолдас,
Жаман – малыңа жолдас.
Досыңды мақтағаның – өзіңді жақтағаның.
2-тапсырма. Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Достарың туралы ша-
ғын мәтін жазыңдар. Жеке эпизодтарды сипаттаңдар. Тура және ауыспа-
лы ма ғынадағы сөздерді қолданып, ойларыңды әсерлі, мазмұнды етіп
жеткізіңдер.
Ақын, жазушы Өтебай Тұрманжанов (1905–1978)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданының
Жал ғызағаш ауылында туған.
3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіндегі не гіз гі
және жанама ақпараттарды анықтаңдар.
Қарлығаш, дәуіт, жылан
Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаты
қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде шыдамсыздана
күтумен болады екен. Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың
ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген
қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына
арашашы іздейді.
Көкектен көмек сұрай барса:
– Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын,
уақытым жоқ, – дейді.
Одан шығып, қарғаға барса:
– Үйленгелі жатқанымда мазамды алма, – дейді. Қарлығаштың
амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті
көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп:
– Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды.
Сонда қарлығаш:
– Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма
өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмеймін, – деп, көзінің
жасын төгіп-төгіп жібереді.
– Олай болса, мені жеткіз тезірек, – дейді дәуіт. Қарлығаш
қанатын тосады. Дәуіт шығып алады.
83