Page 85 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 85
11-12-сабақ Қызыл кітап және оның рөлі
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Кітапқа не үшін Қызыл кітап деген атау берілді?
2. Қызыл кітаптың міндеті не?
3. Қызыл кітапқа енген қандай өсімдіктер мен жануар-
ларды білесіңдер?
2-тапсырма. Өлеңді мұқият тыңдаңдар (23-аудио). Автор қандай
мәселені көтер іп отыр?
...Келеді кез,
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.
Қызыл кітап –
Опат боп кеткен аңның
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Қашқан кезде адамнан Түсіндірме сөздік
Ізін қандап,
Тауешкісі өтеді құзыңды аңдап. Аңдау – аңғару,
абайлау, байқау.
Қызыл кітап – Мандат –
Тірі жан тимесін деп, уәкілділік туралы
Хайуанатқа берілген қызыл мандат. құжат-қағаз.
Баяғыдай көбінің халі бірақ –
Мойындарын үзеді әлі бұрап.
Қызыл кітап –
Бұл өзі қызық кітап:
Тысы жұқа,
Астары қалыңырақ!
Қ. Мырза Әлі
3-тапсырма. Өлеңдегі қарамен берілген тіркестерді қалай түсінесіңдер?
Мағынасын ашыңдар.
4-тапсырма. Суретте бейнеленген хайуанаттарды сақтап қалу үшін не
істер едіңдер? Үлгі бойынша жазыңдар.
Үлгі жауап:
– Бүркіттің саны азайып барады. Сондықтан оны қор-
ғауға алу керек. Бүркітті атуға, оның ұясын бұзуға
болмайды...
85