Page 90 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 90
7-ТАҚЫРЫП
БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫ
А.Машанов. «Жер астына саяхат»
1-2-сабақ Мамандықтар
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
• Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
• Қандай мамандық иелері ұнайды? Несімен ұнайды?
• Жақсы маман болу үшін адамға қандай қасиеттер
керек?
2-тапсырма. Болашақта қандай мамандық иесі болғыларың келеді?
Болашаққа бағытталған армандарың туралы пікір алмасыңдар.
3-тапсырма. Жұмбақтарды оқыңдар. Қандай тақырыпқа арналған? Ті-
рек сөздерін анықтаңдар.
Арқан байлап белiне,
Шымырлықпен бекiне,
Өрмелейтiн қай өрен,
Шыңның шырқау шегiне?
Күмiс қанат сұңқары,
Көкке еркiн сүңгидi.
Бұлттан да тым әрi,
Кеткен жанды кiм дейдi?
Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгетін?
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол.
Дабылға тез жететiн,
Жалынға сүңгiп кететiн.
Қақалса да түтiнге,
Тайсалмайтын батыл кiм,
Жасқанбайтын батыр кiм?
90