Page 92 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 92
7-тапсырма. Мамандықтарға байланысты кестені толтырыңдар.
Мамандықтар Не істейді?
заңгер
қаржыгер
сәулетші
оқытушы
бағдарламашы
дінтанушы
8-тапсырма. Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар
қалан...» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
9-тапсырма. Қиялға кезек берейік! Болашақта жаңадан қандай ма-
мандықтар пайда болуы мүмкін? Осы ойды эссе жазу арқылы өрбітіңдер.
Сөзге қосымша жалғауда дыбыстардың үндестігін сақтаңдар.
3-4-сабақ Мамандық – кез келген еңбектің атауы
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің қай түріне жатады? Қосымша
ақпарат көздерінен мәліметтер тауып, мәтін мазмұнымен салыстырың-
дар.
«Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу,
жариялау» дегенді білдіреді. Ерте заманда мамандықтың қазіргідей
түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын.
Дегенмен әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған.
Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге
жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп,
бала тәрбиелеген. Қазір қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар,
сәйкесінше түрлі мамандықтар келді. Кез келген еңбек мамандық
емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар:
бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың
дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек
болса, екіншісі – еңбегіңізге қарай жалақының төленуі.
Э. Бозекенова
92
92