Page 88 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 88
5-тапсырма. Мәтіннің мазмұндық құрылымына сүйене отырып, өз
ойларыңды айтыңдар.
Ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев: «Туған жердің тағдыры тол ғант-
паған, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Ту ған
жердің қаратасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын
тасын да мақтап жарытпақ емес» деген. Сондықтан әр адам өз туған
жерінің тағдырына немқұрайды қарамауы керек. Қоршаған ортаның
тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор.
Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған.
Мәселен, ұлттық саябақтар, қо рықтар санын молайту; Қызыл
кітапқа енген өсім дік, жануар түр лерін қорғап, көбейту; табиғатты
ұқыпты пайдалану; «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту,
жандандыру.
«Экология жаршысы» журналынан
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қаныш Сәтбаев кім?
2. Ол кісі туған жер туралы не айтты? Одан не түйдіңдер?
3. Табиғатты қорғаудың қандай жолдары бар?
7-тапсырма. Ауыспалы осы шақ түрлерін қатыстырып, «Табиғатты
қорғау – парызымыз» тақырыбына эссе жазыңдар.
8-тапсырма. Ойтаразы. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап
беріңдер.
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды
мәселе қандай болды?
Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс
жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен
тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта
қалай сезіндім?
88