Page 95 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 95

4-тапсырма. Саяхатшылар туралы мәтін құраңдар. Ойларыңды нақ осы
                      шақ және ауыспалы осы шақта білдіріңдер.


                      5-тапсырма. Мәтінді оқып, ойды жалғастырыңдар.

            Әлемде сіз бен біз білмейтін қызықтар көп-ақ. Алайда саяхат
        туралы айрықша ақпараттардың орны ерекше. Өйткені кім болса
        да балалық шағында ертегі оқып, оған бойлау барысында ел танып,
        жер көрсем деген ой туады...


                      6-тапсырма. Топтық жұмыс (тауға, жер астына, ну орманға, көлге саяхат).
                      Осы саяхаттың түрлері туралы мәліметтер жинап,  саяхатшылар туралы
                      ой бөлісіңдер.



                                      ЖЕДЕЛ  ӨТКЕН  ШАҚ

                Жедел өткен шақ қимыл, іс-әрекеттің жақында болғанын, орын-
            дал ғанын білдіреді.
                Жедел өткен шақ етістік түбіріне ­ды, ­ді, ­ты, ­ті  жұрнағының
            қосылып, жіктелуі арқылы жасалады.
                                    Жедел өткен шақтың жіктелуі

                                      Жекеше                Көпше
                          I     сыйладым              сыйладық
                                сыйладың              сыйладыңдар
                          II
                                сыйладыңыз            сыйладыңыздар
                         III    сыйлады               сыйлады




                      7-тапсырма. Етістіктерді нақ осы шаққа, ауыспалы осы шаққа және же­
                      дел өткен шаққа айналдырыңдар.
                      Салыстыру, анықтау, тырысу, іріктеу, дамыту, талдату,
                      арман дау.


                      8-тапсырма. Жұптасып диалогті жалғастырыңдар.
                      – Сәлем, Дана.
                      – Сәлем.
                      – Ертең сыныптастармен саяхат қа шы ғатын болдық.
                      – ... ... ?

                                                                                     95
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100