Page 98 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 98

Шәкенге олар көмірдің орман, тоғай өсімдіктерінен пайда болғанын
           дәлелдейтін көмір ішіндегі ағаштың көмірге айналған сабауларын
           көрсетті.
                                                       А.Машанов. «Жер астына саяхат»

                         2-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, жедел өткен шаққа айнал ды-
                        рып жазыңдар.



                         3-тапсырма. Кен істеріне қатысты қандай мамандықтарды білесіңдер?
                        Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құраңдар.
                        Шахта, жерасты, көмір, білікті, қазба байлық, сәйкес,
                        қауіпсіздік.



                         4-тапсырма. Бұл қандай ертегі екенін еске түсіріңдер. Жер астында
                        бол ған қызықты оқиғаны жалғастырыңдар.

               ...Төстік  қашып  келеді.  Кемпір  қуып  келеді.  Бір  мезгілде
           тау  қаңбақтай  ұшады,  тас  бұршақтай  жауады.  Шалқұйрықтың
           құйрығына қазандай қаратас орала кетеді. Шалқұйрықтың шапқан
           салмағына шыдамай, қара жер қақ айырылады. Шалқұйрық пен
           Ер Төстік жер астына түсіп кетеді.
               Сол кезде Шалқұйрыққа тіл бітеді:
               – Біз енді жер астына түстік, бізге бұдан былай жер астының
           елі жолығады...



                         5-тапсырма.  Мәтіндегі  қарамен  берілген  сөйлемдердің  қай  шақта
                        тұрғанын айтыңдар.


                         6-тапсырма. Қосымша дереккөздерді пайдаланып, жер астына саяхат
                        туралы қызықты оқиғалар табыңдар.



                         7-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтырыңдар.


                               «V»             «–»             «+»              «?»
                               Мен           Мен үшін        Мен үшін           Мені
                              білемін        түсініксіз    жаңа ақпарат     таңғалдырды






           98
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103