Page 102 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 102

3-тапсырма. Тыңдалым бойынша диалогті жалғастырыңдар.

                        – Жібек жолына «Ұлы» сөзі не үшін қосылған?
                        – Себебі ... ... .
                        – Сен Ұлы Жібек жолы туралы не білдің?
                        – ... ... .

                         4-тапсырма. Тыңдалым мәтінінен зат есімдерді теріп жазып, олардың
                        деректі, дерексіз екендігін анықтаңдар.


                         5-тапсырма. Мәтінде не туралы айтылғанын баяндаңдар.

               Ұлы Жібек жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен
           Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы.
               Жібек жолы б.з.д. III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда
           болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек жолының бойында
           орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойранның
           куәсі болды.
               Ұлы Жібек жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай,
           Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет пен дипломатиялық
           қарым-қатынас орнады.



                                      АУЫСПАЛЫ  КЕЛЕР  ШАҚ
                  Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің
              -а, -е, -й жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады (барады,
              оқиды).
                  Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы:
                  1) іс-әрекеттің келер уақытта болатынын білдіреді; 2) сөйлемде
              мезгіл мәнін білдіретін үстеулермен тіркесіп жұмсалады. Мысалы:
              Мен ертең барамын. Ол сабағын кешке оқиды.



                         6-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді ауыспалы келер шаққа айналдырып
                        жазыңдар.

                         7-тапсырма. Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріңдер.

                        қаланың                             жалғасқан
                        шығыстан батысқа                    жолы
                        жібектің                            гүлденуі
                        керуен                              тиеу
                        сауда                               таралуы
                        жүкті                               жәрмеңкесі

           102
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107