Page 107 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 107

7-тапсырма. Ребусты шешіңдер. Шыққан сөзбен сөйлем құраңдар.
























          9-10-сабақ                      Боран жолы



                      1-тапсырма.  Мәтінді  тыңдай  отырып,  автордың  идеясына  болжам
                      жасаңдар (27-аудио). Автор не айтқысы келді?

            «Ұлы  Жібек  жолының»  Қызылқұмды  көктеп  өтетін  тармағы
        «Боран  жолы»  деп  аталатын;  аталмыш  қалалардың  ұстасы  мен
        зергері  бұйым  жасап,  сол  керуен  жолына  шығаратын,  ағылып
        жатқан саудагерлерге сататын. Жиегіне жақұт тастарын қондырған
        шолпы, алтын тана, жыланбас білезік, қып-қызыл маржан тасынан
        тізген шолпы, берісі Бұхар, әрісі Бағдат базарында қараған көзді
        сүріндірді,  делдалдың  қолын  дірілдетті,  саудагерді  сақылыққа
        үйретті. Түгіскен ұсталарын дүниеге мәшһүр етті...
                                                  Д. Досжан. «Жібек жолы» романынан

                      2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Ойларыңды әсерлі жеткізіңдер.

                      1. «Боран жолы» қайда орналасқан?
                      2. Зергерлік бұйымдарды қайда шығарып отырған?
                      3. Мәтінде қандай зергерлік бұйымдар аталған?


                      3-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді шақтарға айналдырып, кестені тол-
                      тырыңдар.

                        Ауыспалы осы шақ
                        Жедел өткен шақ

                                                                                    107
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112