Page 103 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 103

3-4-сабақ                       Тарихи жолдың атауы




                      1-тапсырма. Екі бағанды сәйкестендіріп, сөйлемдер құраңдар.

                       Тарихи жолдың ата уы ...        сауда ғана емес, мәдениет
                       «Жібек жолы» атал ған.          пен  дипломатиялық  қа-
                                                       рым-қатынас орнады.

                       Ұлы Жібек жолының ба-           жібек  саудасына  бай ла-
                       сым бөлігі ... .                ныс ты


                       Ұлы Жібек жолында ... .         Қазақстан мен Орта Азия
                                                       арқылы өтті.



                      2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңдар.

            Отырар,  Тараз,  Сайрам  (Исфиджаб),  Түркістан  (Ясы),  Суяб,
        Баласағұн т.с.с. көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және
        ғылым орталықтары болды.
            Ертеде  Тараз  қаласындағы  сауда  базарын  көргендер  «Тараз
        базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені
        айырбастауға,  сату  мен  сатып  алуға  болатын.  Мыстан  жасалған
        тұрмыстық  бұйымдар  мен  қару-жарақтар,  киім-кешек  пен  ер-
        тұрмандар саудаға түсетін.
            Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қала кіретін. Бұл
        елді  мекен  қорған  сарайларға  бай  болатын.  Саудамен  қатар,  бұл
        аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
            Түркістан (Ясы) ертеден «Екінші  Мекке» деп  аталып  кеткен.
        Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
            Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда
        жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас
        қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын...
                                                  Д. Досжан. «Жібек жолы» романынан

                      3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша кестені толтырыңдар.


                             Қалалар                       Ерекшеліктері
                        Тараз
                        Суяб пен Баласағұн
                        Түркістан

                                                                                    103
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108