Page 99 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 99

11-12-сабақ                     Мамандықтың бәрі жақсы



                      1-тапсырма. Мамандыққа байланысты жұмбақтың шешуін табыңдар.
                      Шешуінің бірін таңдап, суретін салыңдар.
                    Көкке ұшқан шарықтап,               Көрінбейді радиодан өзі,
                    Шаңырақтың бауынан                  Естіледі тек оның сөзі.
                    Ұстап түсем қалықтап.            (Парашютші)                       (Диктор)



                     Құрып қойып өрмегiн,               Екi шекпен күмбiрлеп,
                     Ұршықтарын ойнатып.                Көңiл сазын сапырады.
                     Сәндi мата өрнегiн,                Тұлпар шабыс дүмбiрлеп,
                     Жасайтын кiм жайнатып?          (Тоқымашы)  Желпiндiрiп отырады.   (Күйшi)



                      2-тапсырма. Өлеңді толықтырып жазыңдар.

              Зәулім мектеп алаңы,                   ... ағам – жақсы адам,
              Көркем үйлі қаланы,                    Еңбегіне мақтанам.
              Балалардың бақшасын,                   Көмір қазып, кен қазып,
              ... салады.                            Ел сенімін ақтаған.
              Мәрмәр тасты діңгекті,                 ... ағам – сыйлы адам,
              Театрды көрнекті                       Тау-тау кенді жинаған.
              Әсем ою-өрнекті,                       Ері бол деп еңбектің,
              ... салады.                            Маған каска сыйлаған.



                      3-тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
                      Мәтінге ат қойыңдар.
            Егін  пісті.  Астықты  алқапта  қаздай  тізіліп           Түсіндірме сөздік
        комбайндар кетіп барады. Комбайн бидайды орып,
        оны бастырады. Таза дән комбайнмен қатар келе                 Бастыру –
                                                                      орылған егіннің
        жатқан мәшиненің қорабына құйылады.                           дәнін сабағынан
            Қазір  егіс  алқабындағы  барлық  жұмысты                 ажырату.
        мәшинелер  атқарады.  Осы  мәшинелерді  жүр-
        гізетіндер  –  механизаторлар.  Олар  мәшине,  трактор,  комбайн
        жұмысын жетік меңгерген. Егер осы мәшинелердің бірі бұзылып
        қалса, қалай жөндеу керек екенін жақсы біледі. Астықты дер ке-
        зін де жинап алудың барлығы мәшинелер мүлтіксіз жұмыс іс те ген-
        де ғана жүзеге асады. Бұл күнде механизатор мамандығы – ауыл-
        шаруашылығындағы құрметті мамандықтардың бірі.
                                                          «Ол кім? Бұл не?» кітабынан
                                                                                     99
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104