Page 96 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 96
7-8-сабақ «Жер астына саяхат»
1-тапсырма. Жер асты туралы қандай қызықты әңгіме, ертегі білесіңдер?
Диалог құрыңдар.
Ақжан Машанов (1906–1997) – геолог-ғалым,
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, геоло-
гия-минералогия ғылымының докторы, про фес сор.
2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Автор шығармасы туралы ойларыңды
толықтырыңдар.
1957 жылы А.Машановтың «Жер астына саяхат» атты ғылыми-
фантастикалық кітабы жарық көрді. Шығарманың кейіпкерлері
Жабай мен Қабай туған еліміздің тарихи аймақтарына сапар шегеді.
Жерасты қойнауындағы сыры әлі ашыла қоймаған еліміздің тарихы
осы шығарманың тууына себеп болды. Олар жерасты әлеміне қы зы-
ғушылық танытады. Кейіпкерлердің ынта-ықыластары мен батыл
әрекеттері шығарманың идеясын аша түседі. Бұл еңбекте Күн
жүйесінің пайда болу тарихы, Жер шарындағы тіршілік туралы
көріністер тартымды суреттеледі. «Жер астына саяхат» еңбегі
оқырманға болашақ жайлы ой салады.
Ж. Сақұрпағы
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. «Жер астына саяхат» дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Кімдер жерасты әлеміне қызығушылық танытады?
3. А.Машановтың еңбегінде не туралы суреттеледі?
4-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айтың дар.
96