Page 106 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 106
7-8-сабақ Дешті Қыпшақ елінде
1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар.
Дешті Қыпшақ елінде атам заманнан бері Түсіндірме сөздік
үш жылда бір мәрте Батыр Сайыс деген дәстүрлі
жиын өтіп тұратын. Сайыста батырлардың білек Атам заман –
күші, жарақ жұмсау тәсілі сынға түсетін. Қол ба- ертеде, баяғыда.
Ұланғайыр –
сы лардың ауызбірлігі сыналатын. Сайыстың арты ұшы-қиырсыз
үлкен той-думанға ұласатын, батырлар бір-бірімен үлкен, есепсіз
төс қағыстырып достасып, қариялар ұл-қыздарын мол.
атастырып, ел-елдің арасына сыйластық енетін.
Енді осы сайысқа түсер қол шығынын, жеңіп шыққандардың шапан-
шапқытын, тойшыл жұрттың сойысын қыпшақтың белгілі билері,
майлыауыз байлары кезек көтерісіп жатады.
Д. Досжан. «Жібек жолы» романынан
2-тапсырма. Мәтіндегі оқиғалар қай кезеңді суреттейді? Жұптарыңмен
ақылдаса отырып, жауабын айтыңдар. Жұптарыңмен болған диалог те
сұраулы, бұйрықты сөйлемдер болсын және интонациялық ерекшелікте-
рі сақталып айтылсын.
3-тапсырма. Сөзмаржан. Мәтінде кездесетін төмендегі сөздердің ма-
ғы насын түсіндірме сөздіктің көмегімен ашыңдар.
Қолбасы, атастыру, сайыс, майлыауыз, би.
Үлгі: Қыпшақ – ру.
Қол – әскер.
Шапан-шақпыт – сый, жора.
4-тапсырма. Қазақстандағы өздерің білетін жер-су атауларына қа тыс-
ты мәліметтер жинаңдар.
5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша оңай және күрделі сұрақтар
құрап, кестені толтырыңдар.
Оңай сұрақтар Күрделі сұрақтар
6-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемді ауыспалы келер
шаққа айналды рып жазыңдар.
106