Page 105 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 105

тарихшылары сол Сығанақ пен Отырарды салыстыра дәріптейтінді
        шығарды. Расында, Сығанақ, олардың ұғымынша, «қос өзеннің»
        арғы жағындағы (Мәуереннахр) елдің тағдырын білдіріп тұратын
        бірден-бір Темірқазық жұлдызы іспетті еді. Шаһарды елшілер мен
        жазушылар Дешті Қыпшақтың екінші шаңырағы, Ұлы Жібек жо-
        лының алтын қақпасы деп санады.
                                                  Д. Досжан. «Жібек жолы» романынан

                      2-тапсырма. Сызба бойынша жауап беріңдер.

                              «Туман жазбалары»

                              Махмұт Қашқари                        қандай түсінік-
         Сығанаққа
                              араб тарихшылары                      те ме берген?

                              елшілер мен жазушылар



                      3-тапсырма.  Ойқозғау.  Сұрақтарға  жауап  беріңдер.  Жауаптарың-
                      да  хабарлы,  лепті  сөйлемдер  бол сын.  Сөйлемдердің  интонациялық
                      ерекшелігін ескеріңдер.
                      1. Қандай қаланы (шаһарды) Дешті Қыпшақтың екін ші
                         шаңырағы деп атады?
                      2. «Ұлы Жібек жолының алтын қақпасы» дегенді қалай
                         түсіндіңдер?
                      3. Ежелгі қалалар туралы қандай деректер білесіңдер?


                      4-тапсырма.  Қосымша  дереккөздерді  пай-
                      да ланып,  «Жібек  жолы»  романының  авторы
                      Дүкенбай  Досжанның  қысқаша  өмірбаянын             өрік
                      жазыңдар.                                            мейіз
                                                                           мата
                      5-тапсырма. Ауыспалы келер шақта Ұлы Жібек          мақпал
                      жолы туралы ша ғын мәтін құраңдар. Мәтінде          бағалы
                      қоржындағы сөздер болсын.


                      6-тапсырма.  «Шығу  парағын»  толтырыңдар.
                      Сұрақтарға жауап беріңдер.

                      1. Бүгін не үйрендіңдер?
                      2. Сөздік қорларыңды қанша сөзбен толықтырдыңдар?
                      3. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?
                      4. Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару
                         керек?
                                                                                    105
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110