Page 108 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 108
4-тапсырма. Түсіндірме сөздік пен мұғалімнің көмегіне сүйеніп, сөз
тіркестері мен сөздердің мәнін ашыңдар.
Көзді сүріндірді, жақұт, қолын дірілдетті, шолпы,
сақылыққа үйретті, мәшһүр, көктеп өту.
5-тапсырма. Мәтінде аталған зергерлік бұйымдардың бірінің суретін
салыңдар.
6-тапсырма. «Жібек жолы» тақырыбына эссе жазыңдар (90 сөз). Етіс-
тік тің шақтарын орынды қолданыңдар.
7-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып
айтыңдар.
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен
айт.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал
келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаса.
11-12-сабақ Құт-береке дарыған өңір
1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңдар. Тірек сөздерді атап,
мағынасын түсіндіріңдер.
Алтын мен жібекке малынған хан сарайында жас ақын
Хисамед дин Отырардың әкімі Иланшы Қадырханға ширатпа ше-
жі редегі шабытты жырларды дестелей оқиды. Жібек жолымен
шығыстан батысқа, батыстан шығысқа үзбей шұбап жатқан көпес-
тердің, кезбелердің, елшілердің, жансыздар мен шабармандардың
тізбегі үзіліп бітер емес. Құт-береке дарыған өңірді өңдеп жатқан
еңбекқор диқан. Інжу жағасында сазбалшықты илеп, ғаламат берік
қыш құйып, оны отқа өртеп жатқан сунақтар, есімі беймағлұм сәу-
летші уақытқа бас имейтін, күнге күймейтін, желге мүжілмейтін
ға жайып кесенелер мен сарайларды қыштан қалап тұрғызумен әуре.
Д. Досжан. «Жібек жолы» романынан
2-тапсырма. Мәтіндегі еңбек адамдарының іс-әрекетін бағалап, мінез-
деме беріңдер.
108