Page 113 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 113

2-тапсырма.  Мәтінді  тыңдаңдар  (29-аудио).  Негізгі  және  қосымша
                      ақпаратты анықтаңдар.
            Қазақстан аумағы (2,7 миллион шаршы шақырым) ұлан-байтақ.
        Оның  әр  аймағының  табиғат  және  экономикалық  жағдайларына
        байланысты бір-бірінен біршама ерекшеліктері бар. Еліміздің бір
        өңірінде  металл  өндіру,  мәшине  жасау,  химия  өнеркәсібі  болса,
        екінші өңірінде мақта, қант қызылшасы өсіріледі немесе мұнай,
        газ шығарылады.
            Қазақстан аумағының үлкендігі сонша, оған Еуропаның Фран-
        ция, Испания, Португалия, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия,
        Финляндия сияқты елдері сыйып кетеді.
            Қазақстан Республикасы жерінде көмір, мұнай, темір, мыс, мы-
        рыш мол. Біздің елімізде бірталай өндіріс қаласы бар. Олар – көмір
        мен темірге бай Қарағанды, Теміртау, мыс алыбы Балқаш.
                                                           «Тәрбие құралы» кітабынан

                      3-тапсырма. Мәтінді қайта оқыңдар. Қанша сөз естеріңде қалды? Тілдік
                      ерекшелігін салыстырыңдар.





                   СЫН-ҚИМЫЛ  (БЕЙНЕ)  ЖӘНЕ  МӨЛШЕР  ҮСТЕУЛЕРІ
                Сын-қимыл  (бейне)  үстеуі  қимылдың,  іс-әрекеттің  амалын,
            сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше?
            деген сұрақтарға жауап береді. Олар: әрең, әзер, жедел, шапшаң,
            тез, жылдам, тікелей, зорға, ақырын, бірден, шалқасынан, балаша,
            емін­еркін,  бостан­бос.  Сын-қимыл  (бейне)  үстеуі  көбінесе
            етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді,
            бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін­еркін

            отырды, бостан­бос жүрді т.б.
                Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік
            дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қанша­

            лық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға
            жауап береді. Олар: онша, сонша, мұнша, анағұрлым, едәуір, біраз,
            бірталай,  неғұрлым,  бірен­саран,  азды­көпті.  Мысалы:  онша
            жараспайды,  анағұрлым  көбейді,  едәуір  өсіпті  дегенде  онша,
            анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті
            деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап
            беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр.



                      4-тапсырма. Мәтіннен мөлшер үстеулерін табыңдар.


                                                                                    113
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118