Page 116 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 116

3-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар. Жеке эпизодтарды сипаттап,
                        тілдік ерекшелігіне салыстыру жасаңдар.

                                         Ана – Жер-Ана
                                              (үзінді)
               Толғанай. Уа, армысың, киелі далам!
               Жер. Дені-қарның сау ма, Толғанай! Өзің бе келген?
               Толғанай. Бүгін шейіт кеткен бауырларымды еске алатын күнім
           еді.
               Жер. Білем, білем. Мен де күтіп жатқанмын, Толғанай! Япыр-
           ау, бұл жолы да жалғызбысың?
               Толғанай. Қайтейін, тағы да жалғыз келдім.
               Жер. Демек, немереңе тіс жарып ештеңе айтпаған сыңайың  бар
           ғой, Толғанай?
               Толғанай. Айтпадым. Аузым бармады.
               Жер.  Болған  оқиғаны  оған  баяндайтын  бір  адам  өмір  бойы
           табылмас  деймісің?  Халық  аузына  қақпақ  қоя  алмайсың.  Туған
           анасының  қасіретті  күйде  кеткенін,  әкесінің  кім  екенін,  әдейі
           болмаса да, әлдебіреудің айта салу қаупін ойладың ба?
               Толғанай. Жоқ, онда не тұр? Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бәрі мағлұм
           болары анық. Шүкір, өзі де азамат болып қалды ғой. Ендігі жерде
           өзгеден ести қалғанда да оғаштығы жоқ. Айтайыншы-ақ деп бел
           байласам да, шынтуайтқа келгенде, бойымды бір қорқыныш билейді
           де, ауыз аша алмай қала берем.
               Жер. Не десең о де, адам болған соң өзі туралы шындықты біліп
           жүруі шарт, Толғанай!

                                                                            Ш. Айтматов


                         4-тапсырма. Мәтінде берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашыңдар.
                        шейіт кеткен –                       аузына қақпақ болу –
                        шынтуайтқа келгенде –                ауыз аша алмау –
                        тіс жару –                           мағлұм болу –
                        аузым бармады –                      оғаштығы жоқ –


                         5-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.

               1.  ...  шалшық  сулардың  басында  отырған  топ-топ  қаздарды
           көресің.  2.  Аттың  жортысына  ...  ,  ауырып  келе  жатқан  іш  те
           ұмытылғандай болды. 3. Маған қарағанда өзі ... көпті көрген үлкен
           116
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121