Page 115 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 115
5-тапсырма. Сын-қимыл және мөлшер үс теу лер ді қолданып, мәтіндегі
екінші азатжолдағы сөйлемдерді өзгертіп жазыңдар.
6-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып, «Менің елім – бай ел»
тақырыбына эссе жазыңдар (90 сөз). Үндестік заңын ескеріңдер.
Құбыр, мәрмәр, кеніш, жанғыш, шикізат.
7-тапсырма. Ойтаразы. 3-2-1 критерийі бойынша анықтаңдар.
3 маңызды ақпарат
Қиындық келтірген 2 мәселе
Тапсырмадағы ұнаған 1 мәселе
9-10-сабақ «Ана – Жер-Ана»
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (1928–2008) – қо ғам
және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның ха лық жа зу-
шысы. Ш.Айтматовтың шығармаларындағы кейіп кер лер
шындық өмірден алынған.
1-тапсырма. Керекті сөздерді қойып, мақал-
мәтелдерді толықтырып айтыңдар. Бүгінгі
тақырып не туралы екенін болжаңдар.
1. Ананың сүті – бал 3. Ананың көңілі ... ,
Баланың тілі – ... . Баланың көңілі ... .
2. Алып ... туады. 4. Ағайын – ... , ана – ... .
Керекті сөздер: біреу, анадан, балада, бал, далада, алтау.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпаратты анықтаңдар.
Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» шығармасында соғыстан кейін
зардап шеккен халықтың жағдайы, қиын кезеңді бастан кешірген
аяулы аналар тағдыры баяндалады. Повестегі басты кейіпкер
Толғанай – ержүрек, батыл, еңбекқор ана. Осы шығарма арқылы
Ұлы Отан соғысы кезінде үш ұлынан айырылған, қиындық пен
ауыртпашылықты жеңе білген ана туралы білуге болады.
А.Тоғжан
115