Page 119 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 119
10-ТАҚЫРЫП ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ –
ҚАЗАҚСТАН МАҚТАНЫШЫ
М.Әлімбаев. «Шынықсаң, шымыр боларсың»,
Ә.Дүйсенбиев. «Күшті болсам мен егер»
1-2-сабақ Олимпиада тарихы
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Тақырыбы мен негізгі ойды анық-
таңдар.
Олимпиада
Пьер де Кубертеннiң ұсынысы бойынша, Олимпиа даның эмбле-
масы бiр-бiрiмен өрiле қосылған бес сақинадан тұрады. Олар көгiлдiр,
қара, қызыл (жоғарғы қатары), сары және жасыл (төменгi қатары)
түстен құралады. Бұл бес құрлық спортшыларының «Олимпиадалық
қозғалысқа бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығарып күш
жұмсайық!» деген ниетiн аңғартады. Мұнда сонымен бiрге «Читиус»,
«Альтиус», «Фортиус» (жылдамырақ, биiгiрек, күштiрек) ұраны да
бар. Сондай-ақ мұнда 5 сақинамен бiрге, олимпиада ның өткен жылы
және оны ұйымдастырушы қаланың символикалық белгiсi болады.
Бiрiншi олимпиада жалауы 1914 жылы Парижде көтерiлдi.
Олимпиада алауы ертедегi олимпиадалық ойындар өткен Грекиядағы
Олимп тауында күн нұрынан тұтатылады. Содан кейiн факелдi
эстафеталық алып жүру рәсiмi басталады. Олимпиадалық ойындар
басталатын орталық стадиондағы үлкен табаққа алаудан от тұта-
тылады. Осы от ойындар аяқталғанша жанып тұрады. Мұндай дәстүр
1936 жылдан берi жалғасып келедi.
С. Шаманбаев
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, жұптарыңмен диалог
құрыңдар.
3-тапсырма. Олимпиада сөзіне кластер түзіп көрсетіңдер.
4-тапсырма. Олимпиада эмблемасының суретін салыңдар. Кімнің сал -
ған суреті ұнағанын айтыңдар.
5-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құрап жазыңдар.
Жігер, жанкүйер, ұту, мәре, озу.
119