Page 124 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 124

XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін
           1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек
           жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын
           Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда
           Испанияның Гранада қаласында өтті.
                                                                      akorda.kz сайтынан
                         3-тапсырма. Мәтін бойынша диалогті жалғастырыңдар.

                        – Универсиаданы Алматыда өткізу туралы шешім қашан
                           қабылданды?
                        – Универсиаданы Алматыда өткізу туралы шешім 2011
                           жылы 29 қарашада қабылданды.
                        – ... ... ?
                        – ... ... .


                         4-тапсырма. Мәтінмен танысып, мазмұнын айтыңдар.
               Қазіргі қазақ спортының дамуына «Көкпар», «Қыз қуу», «Белбеу
           тар тыс», «Арқан тартыс», «Күрес» сынды ұлттық ойындар ықпал
           етті. Еліміз дің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт
           өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, олардың
           аттарын келер ұрпаққа жеткізу – әр азаматтың борышы. Қандай
           спорт  түрі  болмасын  халқымыз  қайсарлығымен,  жігерлілігімен
           көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп жүр.


                         5-тапсырма. Қарамен берілген сөздер мен талғаулықты мәнді білдіретін
                        жалғаулықтарды қатыстырып сөйлемдер құраңдар.


                         6-тапсырма. Қосымша дереккөздерді пайдаланып, мәтінде берілген
                        қазақтың ұлттық ойындарының біріне анықтама жазыңдар.


                         7-тапсырма. Өлеңді тыныс белгілерін дұрыс қойып көшіріп жазыңдар.
                        Бұл қандай ойын түрі? Ойнап көрдіңдер ме?

                                    Ақ серек пен көк серек
                                    Тауып алдым бәйтерек
                                    Жалындаған күн керек
                                    Жалпы достан кім керек
                                    Анау тұрған ұл керек
                                    Оның аты Еркебек
                                    Келсін бізге ертерек
                                             «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы»
                                                                               кітабынан
           124
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129