Page 125 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 125
9-10-сабақ Жеңімпаздар
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (33-аудио). Онда кімдер туралы айтыл-
ған? Тақырыбына назар аударыңдар.
Қазақстанның жеңімпаз спортшылары
Ермахан Ыбрайымов – Олимпиада чемпионы, Атланта Олим-
пиа дасының қола жүлдегері. Ольга Шишигина – Олимпиада чем-
пионы. Ол кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт
додасының жеңімпазы атанды. Марина Вольнова – Олимпиаданың
қола жүлдегері, боксшы. Гюзель Манюрова – Олимпиаданың қола
жүлдегері, еркін күрес шебері. Иван Дычко – Олимпиаданың қола
жүлдегері. Ақжүрек Таңатаров – Олимпиаданың қола жүлдегері,
еркін күрес шебері. Василий Жиров – Олимпиада чемпионы, бокс-
шы. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогіне қол жет-
кізген алғашқы Қазақстан боксшысы. Юрий Мельниченко – грек-
рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы.
«Атақты спортшылар» кітабынан
2-тапсырма. Мәтінде аталған жеңімпаз спортшылар қатарын толық-
тырыңдар.
3-тапсырма. Мәтінді 1-тапсырмадағы мәтінмен салыстырып оқыңдар.
Ұқсастық бар ма? Негізгі ойды анықтаңдар.
Қазақ халқының мақ танышының бірі –
Қажымұқан Мұңайт пасұлы. Қажымұқан бала
кезден күреспен айналысқан. Той-томалақтарда
қарсыластарымен белдесіп, жеңіске жеткен.
Уақыт өте келе, Мұқан кәсіпқой балуан болып,
халықаралық жарыстарда қазақтың намысын
қорғаған. Қажымұқан 28 мемлекетті аралап,
қоржынына 56 медаль салып, қазақтың атын
бүкіл әлемге танытқан.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Қазақстанның спорт жеңімпаздары туралы тағы не
білесіңдер?
2. Болашақта олар сияқты жеңімпаз болғыларың келе
ме?
3. Олимпиада чемпионы болу үшін не істеу керек?
125