Page 120 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 120

ТАЛҒАУЛЫҚТЫ  МӘНДІ  БІЛДІРЕТІН  ЖАЛҒАУЛЫҚТАР
                  Талғаулықты  мәнді  білдіретін  жалғаулықтар:  біресе,  кейде,
              болмаса, әлде, не, немесе, я, яки, мейлі, бір.
                  Мысалы:  Біресе  ол  жүгіреді,  біресе  мен  жүгіремін.  Ол  бос
              уақытында газет не кітап оқиды. Кітапты кейде ол оқиды, кейде
              мен оқимын.



                        6-тапсырма. Талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықтарды қатыстырып,
                        сөйлемдер құраңдар. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін
                        дұрыс қолданыңдар.


                        7-тапсырма. «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбына эссе жазыңдар
                        (90 сөз). Әрбір азатжолды жүйелі құрастырып, мазмұнын ашыңдар.



             3-4-сабақ                       Спорт түрлері




                         1-тапсырма. Тірек сөздерді пайда ла нып, сурет бо-  Тірек сөздер:
                        йын ша әңгіме құраңдар. Саған қай спорт түрі жақын?  жұдырықтасу
                                                                           жаттықтырушы
                                                                           көздеу
                                                                           ұпай
                                                                           жеңу













                         2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Онда не туралы айтылғанын жұптарыңа
                        ай тың дар.
               Қазақ  халқы  ерте  кезден-ақ  дене  тәрбиесіне  жоғары  көңіл
           бөл ген.  «Бәйге»,  «Қазақша  күрес»,  «Аударыспақ»,  «Теңге  алу»,
           «Көкпар»  сияқты  ұлттық  спорт  ойындары  аса  зор  дайындықты,
           шеберлікті,  күшті,  ақыл-айланы  қажет  еткен.  Осындай  дәстүрлі
           ұлттық спорт ойындары уақыт өте келе дами бастады. Қазіргі кезде
           елімізде грек-рим, еркін күрес, нысана көздеу, бокс, ауыр атле ти-
           ка, шаңғы тебу сияқты спорт түрлері бар. Бұл спорт түрлерінен
           120
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125