Page 129 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 129
Соған тиіп сөз енді, –
Алып келіп дәу тастар
Бөгер едім өзенді.
Үйлерді сен құлатқан,
Қайта салып қояр ем.
Ағаш егіп,
Ұнатқан
Жемісіне тояр ем.
«Жолаушылар жолынан
Кешігеді-ау көп қалып», –
Деп пойызды қолыңнан
Жіберер ем құтқарып.
Ә. Дүйсенбиев
3-тапсырма. Кестені толтырыңдар.
Мықты болса Кейіпкер туралы
Кейіпкер
не іс те мек? көзқа расың
Ақан
Асқар
4-тапсырма. 1-тапсырма мен 2-тапсырма арасындағы байланысты
салыстырыңдар. Сұхбаттарың мен өлеңнің мазмұнында байланыс бар
ма? Ойларыңды өзара толықтырыңдар.
5-тапсырма. Қиялға кезек берейік! Сендер әлемдегі ең мықты адам
болсаңдар не істер едіңдер? Ойларыңмен бөлісіңдер.
6-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып
жазыңдар.
Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен
жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал
келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
7-тапсырма. «Мен үшін ең күшті адам» деген тақырыпта эссе жазыңдар
(90 сөз).
129