Page 134 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 134
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын...
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, пікірлесіңдер.
1. Абай туралы нені білдің?
2. Тағы не білгің келеді?
3. Қанша жаңа сөз үйрендің?
7-тапсырма. «Абай кім?» деген сұраққа синквейн әдісі арқылы жауап
беріңдер.
Зат есім (кім?) –
Сын есім (қандай?) –
Етістік (не істеді? не қылды? қайтті?) –
Сөйлем – төрт сөзден тұратын бір сөйлем.
Синоним –
5-6-сабақ Табиғат лирикасы
1-тапсырма. Топтық жұмыс. Жыл мезгілдері туралы пос тер әзірлеңдер.
2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Мазмұнын түсініңдер.
Абай өлеңдерінің бір алуаны – табиғат лирикасы. Табиғат – адам
баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай асқан шеберлікпен
жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазды. «Жазғытұры», «Жаз»,
«Күз», «Қыс» атты өлеңдерінде табиғаттың тылсым құбылыстарын
шынайы өмірмен астастыра суреттейді. Жаратылыстың жайдары
жазын, түсі суық тұманды күзін не болмаса сақылдаған аязы мен
қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.
Абайдың өлеңдерінде күнделікті өмір, адамдардың күнкөрісі мен
іс-әрекеті және өзінің де көңіл күйі анық көрінеді.
«Абайтану» кітабынан
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрап, сұхбаттасыңдар.
134