Page 131 - posl_Kosymova_kaz_tili_adebiet_dlya_rus_6
P. 131
11-ТАҚЫРЫП
АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!
А.Құнанбайұлы. Табиғат лирикасы,
«Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс»
1-2-сабақ Абай
1-тапсырма. Абай Құнанбайұлы туралы не бі-
ле сіңдер? Қандай өлеңдері бар?
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845–1904) – белгілі
қазақ ақыны, ағартушы, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің
негізін қалаушы.
2-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (36-аудио).
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Абайдың бойына әкесінің батылдығы мен қызуқандылығы,
жігерлілігі мен алғырлығы дарыған. Алайда болашақ ақынның
балалық шағы, негізінен, қос ананың – әже мен шешенің бауырында,
тәрбиесінде өсті.
Сүйікті немересінің Ибраһим деген атына тілі келмей, оны «ойлы
болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын» деген тілекпен Абай
атандырған да сол аяулы кәрі әжесі еді.
Абай өңі қара торы, екі көзі тостағандай үлкен әрі өткір, кең маң-
дайлы бала болды. Мінезі жағынан ширақ, аса ұғымтал, бір көргені
мен естігенін ұмытпайтын, зерделілігімен айрықша көзге түсетін.
М.Әуезов
1. Әжесі не үшін Ибраһимді Абай деп атады?
2. Абай кімнің тәрбиесінде өсті?
3. Абай қандай бала болды?
3-тапсырма. Мәтін бойынша сызбаны толтырыңдар.
Абайдың бойындағы қасиеттер батылдық
131